АЗАН ШАҚЫРУ #азан #азанкз #азаншакыру

Аватар автора
Азан – (арабша (араб.: أَذَان) азана — хабарлау, құлақтандыру) —мұсылмандарды намазға шақыру. Дәрет алып болғаннан кейін мұсылман дініндегі адам намазға дайын. Мұхаммед пайғамбар суннасы бойынша намаз уақыты келгенде азан шақырылады. Бұл үшін адам бетін құбылаға — Меккедегі Құбыла бағытына қаратып, екі қолын құлақ тұсына ұстап жеті рет дауыстайды. Ислам қағидасы бойынша бес уақыт намаз мезгілі келген сайын қауым жұртқа хабарлануы керек. Азанды азаншы мешіт мұнарасында тұрып шақырады. Азан шақыру: Аллаһу әкбар - 4 рет Әшһәду әлла илаһә иллаллаһ - 2 рет Әшһәду әннә Мұхаммадар-Расулуллаһ - 2 рет Хайә аләс-саләһ - 2 рет Хайә аләл фәлах - 2 рет Аллаһу әкбар - 2 рет Ла илаһә илләллаһ - 1 рет Азан шақырып ат қою (Азан шақырып, қазанның құлағын қағып aт қою) - мұсылмандықты қатаң ұстанатын ортада нәрестеге ат қоюды рәсімдейтін ғұрыптың ерекше түрі. Ата-ананың біреуі (көбінесе әкесі) баланы басын құбылаға қаратып, қолын ұстайды. Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады. Нәрестені қолына ұстап тұрып ұл баланың оң, қыз баланың сол құлағына «мұның аты - .., сенің атың - ...» деп үш мәрте айқайлап айтады да, келесі құлағына Құраннан сүрелер оқиды. Бұл рәсім үш рет қайталанады. Рәсім аяқталарда дұға оқылады, қатысқан туысқандары балаға, оның ата-анасына тілектер айтып, үлкендер бата береді. Мұндай ескі салт бойынша, ат қою рәсіміне жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын даңғырлата қағып, балата қойылған атты үш...

0/0


0/0

0/0

0/0

0/0