Поделиться в MAX

1000 ZIKR/Alhamdulillah/1000 ЗИКР/1000 ЗІКІР/АЛХАМДУЛИЛЛАХ/ӘЛХАМДУЛИЛЛӘҺ/Аллаға мақтау айту

Аватар автора
Қасиетті Құранның «әл-Хамду лиллаһ» (Аллаға мақтау болсын) сөзімен басталуының өзіндік мәні бар екені ақиқат. Сондай-ақ, Күнделікті бес уақыт намазымызбен қатар әрдайым қасиетті Құранды оқыған сайын беташар ретінде басталатын «Фатиха» сүресінің алғашқы сөзі болған «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен бастаймыз. Құранға зер салған әрбір жанның санасына Хақтан түскен осы бір мағыналы Ұлы кітап (Құран) неге «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен басталып тұр, мұның адам баласы үшін көрсетер бағыт-бағдары қандай? деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, күллі жаратылысты игілігіне тарту еткен Жаратушы Иесіне рахметін «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен жеткізеді. Күллі жаратылыс да өз тілімен Жаратушы Хақты «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен ұлықтайды, шүкірін білдіреді. Демек, «әл-Хамду лиллаһ» сөзі саналы адамға өзіне берілген сансыз нығметтердің Иесі болған әлемдердің Раббысын сүюді, сол нығметтер үшін қарыздар екенін сезінуді, нығметтердің рахметі ретінде сауапты, игілікті істерді жасауға міндетті екенін білдіреді. Әрине, адамзат өзіне берілген сансыз нығметтердің шүкірін толық өтеуі мүмкін емес. Алайда, қасиетті Құранды толығымен «әл-Хамду лиллаһ» сөзінің түсіндірмесі, Жаратушыға шүкір етіп ғұмыр кешудің қағидаттарын қамтыған Ұлы кітап. Сол себепті, әркім шамасы жеткенше Құранның сырына бойлап, мәніне лайық өмір сүруге күш салуы керек. Мұсылмандық дүниетанымды берік ұстанған халықымыз хәл-жағдай сұраса қалса, «әл-Хамду лиллаһ», «Аллаға шүкір», «тәубе» деген сынды шүкірлік...

0/0


0/0

0/0

0/0

0/0