Истиғфар/Истигфар 100 раз/Астәғфируллаһ уә әтубу иләйһ

Аватар автора
Авто-Ученики
Арнаға жазыламыз Лайк басамыз Комментарий қалдырамыз! Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді». («Бақара» сүресі, 222-аят). Адам баласы әуел бастан қателік жасауға бейім тұрады. Кейде, тіпті қай тұста шалыс қадам жасап қойғанымызды білмейміз де. Сондықтан, кейде ойламаған жерден күнәлі іске қадам басып қойсақ, кейде сол істің күнә екенін біліп тұрсақ та, сол қателікті жасаймыз. Үнемі қателесіп тұрамыз, күнә жасаймыз және артқа шегініп, өкінеміз. Біз өзіміздің жасаған күнәмізға қалай қарап жүрміз? Жасаған күнәмізге өкінеміз бе, әлде ойланбастан сол күнәні жалғастыра береміз бе? Шынайы мұсылман ешқашан күнә мен қателіктерге жол бермейтіндігімен ерекшеленбейді, ол жасап қойған күнәсі үшін өкініп, кешірім тілеп, тәубе ететіндігімен ерекшеленеді. Шынайы иман Алла тиым салған барлық істерден тиылу, айналаңызға мейірімді болу, жақсылық жасау, күнәлі істердің Алладан алыстататынын түсініп, үнемі Аллаға ғана құлшылық етумен өлшенеді. Адам баласы табиғатынан күнә жасауға биім жаратылған және ол күнә мен қателік жасағандығы үшін емес, керісінше сол күнәларды жасаған кездегі қырсықтығы себепті айыпқа лайық. Егер де адам күнә жасап қойса, бірден тәубе етіп, Алла Тағаладан кешірім сұрауы қажет. Имам Муслим Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Жанымның Иесі болған Алла Тағаламен ант етемін, егер де сендер күнә жасамағанда, Алла Тағала сендерді күнә жасайтын және Раббысынан жарылқау тілейтін басқа адамдармен...

0/0


0/0

0/0

0/0