Қазақ хандығы.4-бөлім.Ұлы Аттаныс.Авторы:Сүлейменов Саламат.

Аватар автора
Қазақ Хандығы. 4-бөлім. Ұлы Аттаныс. Бір ауыздан бәтуа жасағаннан, Жиналды қалың әскер ой мен қырдан. Топ тобымен сап түзеп өтіп жатыр, Көздерінен от жалын жалындаған. Астарында кілең өңкей сәйгүліктер, Бір жүргенде талай қырды асып жүрер. Үстерінде көк құрыш сауыт саймен, Әскерге ерекше қаһар берер. Қылыштары күн нұрынан жарқылдаған, Жан болмады осыған таңданбаған. Найзаларын көкке кезеп өтіп жатыр, Сүйсініп ақ тұр бұған талай адам. Төбе үстінде жиналған қолбасылар, Қақ ортада от жанарлы Абылай бар. Қыран құсты баптаған аңшыдай боп, Жауды енді шабам деп тұрған шығар. Найза ұшын оңтүстікке қарай бұрған, Жау қолында жатыр Ташкент Созақ Сауран . Бас сардар Қабанбай асқан батыр, Келеді тазартам деп елді жаудан. Ұлы жүзде жинады қалың әскер, Ұзын саны бес мыңнан асып өтер. Екі қол Арыстың жағасында, Түйісті деп айтады білетіндер. Жиналды әскер Арыстын жағасында, Жалпы саны жиырма бес мың жобасында. Мұңда бар кілең батыр бағыландар, Танылған Алты Алаштың арасында. Қол бастаушы Қабанбай батыр сардар, Наурызбай мен Малайсары, Хангелді бар. Сіргелі Елшібек пен Ер Тілеуке, Бердіқожа, Рысбек, Баймұраттар. Тағы басқа батырлардың бәрі осында, Ерлігімен танылған ел арасында. Жолында кездескен жау атауын, Қуып келе жатты олар нанасынба. Ташкенттіде Сайрамдыда бәрін алды, Төле биін жан шақырып бір демалды. Ата қоныс жау қолынан босаған соң, Қалың ел өз жеріне қайта оралды. Үш жыл бойы ат үстінен дамыл таппай, Қазақ қолы жауды шапты сонда талай. Небір небір батырлар шахид...

0/0


0/0

0/0

0/0

0/0