ЗИКР 1000 РАЗ/ЗІКІР 1000 РЕТ/ZIKR 1000 TIME/Лә илләһа иллә аллаһ

Аватар автора
Аллаға зікір айтып жүрудің пайдасы мен қасиеті 1. Зікір шайтанды қуып, оның күшін әлсіретеді; 2. Алла разылығының себебі болып табылады; 3. Жүректегі қобалжу мен мұңды қуады; 4. Жүректе қанағаттану мен қуанышты тудырады; 5. Тән мен жүрекке күш-қуат береді; 6. Жүрек пен жүзді нұрландырады; 7. Рызыққа бөлейді; 8. Зікір айтушыға қасиетті, үрей тудыратын әрі сүйсіне қарайтын киім кигізеді. Оның бет-бейнесі үрей тудырады әрі оған сүйсіне қарайтын болады; 9. Зікір - Аллаға деген сүйіспеншілікті тудырады, ал сүйіспеншілік діннің өзегі, исламның рухы және бақыт пен құтылудың қайнар көзі болып табылады. Кімде-кім Алланың сүйіспеншілігіне қол жеткізгісі келсе, көп мәрте зікір айтсын. Оқу мен қайталау ілімнің есігі болып табылса, зікір - Алланың сүйіспеншілігіне деген есік болып табылады. 10. Зікірден ихсан дәрежесіне жеткізетін муракаба пайда болады. Ихсан дәрежесіне жету – Алланы көріп тұрғандай болып құлшылық ету. 11. Зікір – Аллаға жүгінуді тудырады, осылайша, біртіндеп Алла пана болатын, барлық кезде Қорғаушы болатын күйге қол жеткіземіз. Әр қиыншылықта жүзіміз Аллаға қарайтын болады. 12. Ол Аллаға жақындатады. Зікір қанша көп болса, сонша жақындық та болады. Зікірді елемеу – Алладан алыстатады. 13. Зікір - Алланы танып-біл 14. Алла Ұлылығының алдында жүректерде діріл пайда болады әрі Алланың бар екені туралы ұғымды қалыптастырады; 15. Алла алдында сені еске түсіретін құрал. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын......

0/0


0/0

0/0

0/0

0/0