Санаторий Сарыагаш «Зари»

Аватар автора
Healthy Happiness
Құрметті Отандас, Сарыағаш курорттық аймағының брондау қызметіне қош келдіңіз. Біз Сізге Сарыағаштың шипажайларын таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы, Сіздің назарыңызға Зари шипажайын ұсынғалы отырмыз. Зари шипажайы Сарыағаш курорттық аймағында 2018 жылы ашылды. Үш қабатты ғимаратта орналасқан осы шипажай, сапалы медициналық қызметімен ерекшеленеді. Білікті дәрігерлер мен медбикелер, әрбір демалушыға ерекше ықыласпен қарап, олардың денсаулықтарын қалпына келтіріп, бойларына күш-қуат толысуы үшін аянбай еңбек етеді. Зари шипажайы 20-ға тарта стандартты және 15-ке тарта ақылы ем түрлерін ұсынады. Емнің барлығы да асқорыту, жүйке, қанайналым, тірек-қозғалыс және басқа да ағза жүйелерінің жұмысын жақсартып, қалпына келтіруге бағытталған. Санаторийде жартылай люкс номерлерімен жабдықталған. Әрбір номерде шкаф, халат, сүлгі бар, графин және басқа да тұрмыстық бұйымдар қарастырылған. Номерлер уақтылы тазартылып, төсек орын ауыстырылап отырады. Шипажайда 4 мезгіл тамақ беріледі. Тамақтану диетолог маманның кеңесіне сай жүргізіледі. Барлық номерлерде санитарлық торап қарастырылған. Ем-дом қабылдап, шипа сулы Сарыағаш суынан қуат алып, кешке қарай серуенге шығып, әртүрлі мәдени шараларға қатыса аласыз. Демалушыларды Ташкент, Түркістан, Самарқан, Бұхара қалаларына экскурсияға шақырамыз. Зари шипажайына жолдаманы үстеме ақысыз, Сарыағаш брондау орталығында ала-аласыз. Осы видеоның астындағы номерлерге хабарласыңыз. Біздің ресми сайтымызға еніп ақпарат алып, тапсырыс бере...

0/0


0/0

0/0

0/0