Санаторий Сарыагаш "Ақ Жайық"

Аватар автора
Волшебные Впечатления
Құрметті Отандас, Сарыағаш курорттық аймағының брондау қызметіне қош келдіңіз. Біз Сізге Сарыағаштың шипажайларын таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы, Сіздің назарыңызға Ақ Жайық шипажайын ұсынғалы отырмыз. Үш қабатты ғимаратта орналасқан осы шипажай, сапалы медициналық қызметімен ерекшеленеді. Білікті дәрігерлер мен медбикелер, әрбір демалушыға ерекше ықыласпен қарап, олардың денсаулықтарын қалпына келтіріп, бойларына күш-қуат толысуы үшін аянбай еңбек етеді. Санаторийдегі медициналық ем-дом демалыссыз, аптаның барлық күнінде жүргізіледі. Ақ Жайық шипажайы 20-ға тарта стандартты және 20 –ға тарта ақылы ем түрлерін ұсынады. Емнің барлығы да асқорыту, жүйке, қанайналым, тірек-қозғалыс және басқа да ағза жүйелерінің жұмысын жақсартып, қалпына келтіруге бағытталған. Санаторийде жартылай люкс және люкс номерлері бар. Әрбір номерде шкаф, халат, сүлгі бар, графин және басқа да тұрмыстық бұйымдар қарастырылған. Номерлер уақтылы тазартылып, төсек орын ауыстырылап отырады. Шипажайда 4 мезгіл тамақ беріледі. Тамақтану диетолог маманның кеңесіне сай жүргізіледі. Барлық номерлерде санитарлық торап қарастырылған. Ем-дом қабылдап, шипа сулы Сарыағаш суынан қуат алып, кешке қарай серуенге шығып, әртүрлі мәдени шараларға қатыса аласыз. Демалушыларды Ташкент, Түркістан, Самарқан, Бұхара қалаларына экскурсияға шақырамыз. Ақ Жайық шипажайына жолдаманы үстеме ақысыз, Сарыағаш брондау орталығында ала-аласыз. Осы видеоның астындағы номерлерге хабарласыңыз. Біздің ресми сайтымызға еніп...

0/0


0/0

0/0

0/0