Қызықты тәжірибелер химия пәні

Аватар автора
Bartenders Guide
Шымкент қаласы, №49 жалпы орта білім беретін мектептің химия және биология әдістемелік бірлестігі ұстаздарының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14 ақпан күні "Жаратылыстану пәндерінің әлемінде" тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Бұл апталықтың мақсаты- "Химия және биология сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту". Іс-шара барысында пән мұғалімдері "Қызықты тәжірибелер" көрсетіп, оқушылардың ғылыми жобаларға дайындаған материалдары таныстырылды. Онкүндік барысында бірлестік ұстаздарының ұйымдастыруымен ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өтіледі деп жоспарланып отыр.

0/0


0/0

0/0

0/0