5-9 сынып оқушыларына химия, биология, география пәндерінен қызықты тәжірибелер жасап көрсетілді

Аватар автора
Кофейная энциклопедия
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ Жаратылыстану пәндерінің шығармашылық күндері аясында 21 ақпан күні STEM кабинетінде «Ғылымға бастар жол» атты 5-9 сынып оқушыларына химия, биология, география пәндерінен қызықты тәжірибелер жасап көрсетілді. Химия пәнінен көрсетілген тәжірибелер «Фараон жыландары» кальций глюканатының ыдырауы, «Жараның жазылуы», «Көңілді шар», «Жоқтан пайда болған көбік», «Көрінбейтін жазу». Биология пәнінен тәжірибелер : «Йод крахмалды анықтау индикаторы», «Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау», «Бунақденелілердің дайын микропреараттарын электронды микроскоптан көру» География пәнінен тәжірибе: «Тау жыныстарының қасиеттерін анықтау әдістері». Оқушылар өздері сұрақтарын қойып қызуғышылықпен қатысып отырды. Бүгінгі кештен білім алушылар дүниетанымдарын кеңейтіп, жаңа ақпаратпен білімдерін толықтырды. Соңында оқушылар өздерінің бүгінгі кештен алған әсерлерімен бөлісті. #йодкрахмалы

0/0


0/0

0/0

0/0