БЕСІКТІҢ КИЕСІ ҰРҒАН ҚЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫ #БЕСІК #ырымдар

Аватар автора
Лексический повтор в литературе: практические примеры и применения
#ырымдар Бесіктің киесі ұрған қыздың тағдыры Біздің үйде ескі бесік бар. Оны апам әрқашан тазалап, күнге шығарып, желдетіп тұрады. Ішіндегі көрпешелерін жуып, жыртылған жерлерін тігіп, тазалап, үйдің төріне қойып қояды. Ал мен оны ескі, ешкім жатпайды деп тастағым келеді. Сол кезде апам бұрында болған бір оқиғаны айтып берді. Естіген кезде денем тітіркеніп, қатты ойландым. «Бесіктің киесі бар» деген сөзді енді жан-жүрегіммен түсіндім. - Баяғыда ауылда Майра есімді қыз болатын. Сұлулығымен барлық жігіттердің арманына айналды. Олардың үйлерінде ескі бесік болған екен. Бірде Майра үй жинап жүріп, сол ескі бесікті көрген соң ешкімге қажеті жоқ, керексіз зат деп оны өртеп жібереді. Ойыңда арамдығы жоқ Майра бесікті өртегенін әжесіне айтқан кезде мен жанында бар едім. Әдетте биязы кемпір мұны естігенде айқайлап, немересіне қатты ұрысты. Тіпті, Майраға ренжіп, біраз уақыт сөйлемей де қойды. Ал біз аң-таң, түсінбей қалдық. Кейіннен әжесі көз жұмды. Майра әжесінін ренжітіп алғанына, қатты өкінетін. Әркез ойша әжесінен кешірім сұрап жүрді. Бірде күбілеп, айтып та отыратын. Тіпті, соңғы уақытта оған «жындысың ба, кімге сөйлеп жүрсің, әжең жоқ қой» деп айтатын болдық. Бірақ күбірлеп жүрген Майра, шынымен де жындыға айналды. Өз-өзінен ағаштарды жинап, өртейді де «Бесікті өртемедім, қазір отты өшіремін» деп жылап, су шашады. Лаулаған от өшсе, Майра жылауын тоқтатады. Тіпті, әжесінен кешірім сұрағанын да қояды. Бұл жағдай бір-екі күннен соң тағы қайталанады. Ата-анасы Майраны...

0/0


0/0

0/0

0/0