Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Тілдер мерекесі

Аватар автора
Математические волшебники
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N49 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан А. Байтұрсынұлының туған күні және Тілдер мерекесі онкүндігіне сәйкес " Ұлылықтың отын жаққан шырақ" тақырыбында челлендж өткізілді. Онда ақын, ұстаз, зерттеуші, қоғам қайраткері, аудармашы, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет атамыздың шығармасынан үзінді оқылып, еңбектеріне қысқаша шолу жасалды. Мақсаты: ұлт ұстазының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының көзі ашық, көкірегі ояу болуына жан - тәнімен аянбай тер төккен ақынымызды үлгі тұту.

0/0


0/0

0/0

0/0