Құран Кәрім. Мәриям сүресі, баланың тыныш, әрі тез ұйықтауы үшін..

Аватар автора
Загадки оккультизма
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Кәф Һә Иә ‘Айн Сад. (1) (Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкерия (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі. (2) Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді. (3) “Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді. (4) “Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!” (5) “Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!” (6) (Алла): “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.” (7) (Зәкерия): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді. (8) “Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді. (9) “Раббым маған бір белгі бер” деді. (Алла): “Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың” деді. (10) Сонда (Зәкерия) михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” деп нұсқады. (11) “Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік. (12) Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді. (13) Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді. (14) Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын. (15) (Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәриямды айтып...

0/0


0/0

0/0

0/0