Іздеймін ана. Нұржас Садирбаев

Аватар автора
Отражения душ
АНАҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШТАН ТУҒАН ӘН. Әр әннің өз шығу тарихы бар. Сіздерге жол тартқан бұл жүрекжарды өлең марқұм Анам ҚАЛЫШтың әруағына арналады. Бүгін Анамның мәңгілік мекеніне аттанғанына 30 жыл болыпты. Сағыныштан туған өлеңіме әнмен қанат бітірген өнердегі ағам, сазгер, әнші, бұрынғы "Елес" тобының солисті Арман Ахметовке, @aronblackvein әнді жүрекпен сезіне орындаған шәкіртім, жас әнші Нұржас Садирбаевқа @sadirbaeevv шексіз алғысымды білдіремін. Асыл Анам, сіздің ақ сүтіңізді ақтай алмасам да, әннен естелік қалдыруды мұрат деп білдім. Сағынған балаңыздың сазды әуені құлағыңызға жетіп барса екен ...Рухыңмен желеп-жебеп жүргейсің, ардақтым! Жүрек әні Сіз үшін, жәннатым! "ІЗДЕЙМІН АНА..." Сағымдар арасынан, Көңілдің даласынан, Іздеймін Ана сізді, Таппайды бала шыдам. Өзің деп бар асыл ән, Төгілер, тағы асығам. Табам ба Сіздей жанды, Ұлына жаны ашыған. Кім жетер қадіріңе, Жыл жетті тағы міне. Бір уыс топырақ сап, Келейін қабіріңе. Сағыныш баурап алып, Көз жасы саулар анық. Өзіңді сағынғанда, Қайтамын тауға барып. Жүректе мәңгі Ана, Нұр бейнең қалды дара. Кетейін мына өмірде, Қалдырып ән мұнара. Жабырқау күй іштегі, Аңсатар иіс мені. Іздеймін құшағыңды, Жұмақ жан пейіштегі. АВТОР: АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ПЕРДЕБЕКҰЛЫ

0/0


0/0

0/0

0/0