САЛАУАТ 1000 РЕТ/САЛАУАТ 1000 РАЗ/SALAVAT 1000 TIME/SOLOVOT 1000 MARTA/САЛАВАТ 1000 РАЗ/صلوات 1000

Аватар автора
Молитвы для Божьей Поддержки в Студенческих Решениях
Салауаттың пайдасы Бүкіл мақтау Әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән. Алланың сүйіктісі, адамзаттың абзалы, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед С.Ғ.С. ға Алланың сәлемі және рахметі болсын! Алла Тағаланың адам баласына берген нығметтері өте көп.Оның әрқайсысына шүкірлік білдірмек түгілі,тіпті санын санап шығу да мүмкін емес. Алланың адам мен жынға жасаған ең үлкен жақсылығы - ол адамзаттың арасынан таңдап,ақырзаман пайғамбарын жіберуі. Ол ақырзаман пайғамбары Алланың сүйіктісі, таңдаулысы, әзіз құлы Мұхаммед Мустафа С.Ғ.С. Ол арқылы Алла адам мен жынды қараңғылықтан жарыққа шығарды. Дүниенің түнегімен ахиреттің қасіретінен құтқарды. Ол арқылы Алла өз қалауын білдіріп, дінін бекітті. Өзін танытты. Жалған мен шындықтың, дұрыс пен терістің жақсы мен жаманның арасын ажыратты. Есі кеткендерге ескертті, тәубе қылып, құлшынғандарды қуандырды. Әлбетте, бұл Алланың үлкен жақсылығы. Тарихта кімге болсын соған ақырзаман Пайғамбарының артынан ілесу нәсіп бола бермеген. Ол бір ерекше Алланың сүйген пенделеріне берген нығметі. Бұл жақсылықтың зор екендігі сол Құранда Алланың өзі иман келтіргендерге осы ісін артығырақ айтып міндет қылады. «Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жібергенін міндет етеді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді». (Әли-Имран, 164 аят). Иә, Алланың мұндай жақсылығы бүгінде де екінің бірінде емес. Неше түрлі бай-бағыландар, патшалар, ақылды кісілер...

0/0


0/0

0/0

0/0

Скачать популярное видео

Популярное видео

0/0