наурыз мейрамы

Аватар автора
Математические Волшебства: Загадка и Разгадка
18 наурыз Көктал ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мерекелік шара өтті. Шараға Абай атындағы орта мектептің 1 «В» сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Мақсаты: халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тұсау кесер» салты көрсетілді. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, Өткеннен бізге жеткен асылы бар. Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар. Жас бүлдіршіндер шарамызды Наурыз мейрамына деген ән, би, өлең шұмақтарымен әрлеп, мерекелік кешті аяқтады.

0/0


0/0

0/0

0/0

Скачать популярное видео

Популярное видео

0/0