90 жылдардағы тоқыраудан «аман шыққандар» сол кездегі қиын жағдайларды еске алды

Аватар автора
Мистические мифы
Осы отыз жылдың ішінде еліміз көптеген экономикалық, әлеуметтік жағдайды басынан өткергенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның ішінде 90-шы жылдардың басындағы кезең, әсіресе ауыл халқы үшін ауыр болғаны да белгілі. Сол кездегі халықтың жағдайы, тараған совхоздар, күйі кеткен ауылдар, сөрелері қаңырап бос қалған дүкендер, ала дорба арқалап, қытайдан зат тасыған саудагерлер, міне, қазір мұның бәрін айтсаң жастарға ертегі болып көрінуі де мүмкін. Алайда сол тәуелсіздікпен қатар келген тоқырау жылдарындағы қиындықты басынан өткеріп, көзімен көрген қазақстандықтар не дейді? Жанар Қожанованың репортажы. Асылан Тілегенұлының тәуелсіздік алған жылы жасы небәрі 14-те болыпты. Мектеп жасындағы бала сол кездегі елдің жағдайы, халықтың басына түскен қиыншылығы, әр отбасының күнкөрісі, тараған совхоз, ауылдан қалаға үдере көшкен халық, ала дорба арқалап саудаға кеткен әйелдер, қаңырап қалған ауыл, аула, дүкен, бәрі есімде жатталып қалды дейді. АСЫЛАН ТІЛЕГЕНҰЛЫ, Ақтөбе қаласының тұрғыны: – Сегізінші сыныпта осы қиыншылықты, алғашқы дағдарыс жылдарын ел басынан өткерді, сезіндім. Жоспарлы экономикадан еліміз нарықтық экономикаға қадам басты. Жаппай жекешелендіру үдерісі қолға алынды. Әсіресе ауылдық жерлер қиыншылықты көптеп сезінді. Кеңшарлар жабылып, ұсақ түйек кооперативтерге бөлінді. Соның салдарынан елде жұмыссыздық жайлап, жастарымыздың көбісі жұмыс іздеп қалаға ағылды. Ауылдан қалаға көшті. Ауылдық жерлерде қаңырап қанша үй бос қалды. Асылан сол кездегі Үкіметке сенген совет...

0/0


0/0

0/0

0/0