Быстрый, вкусный пирог "Торопыжка" за 10 минут

Аватар автора
Настольные игры и игрушки для домашнього отдыха
Ассалямуалейкум қыздар! Егер сіздер асығып тұрсаңыздар, өте тез пирог жасау керек болса, осы пирогты жасап көріңіздер😍Басқа пирогтар 30-40 минутта пісетін болса бұл пирог 10 минутта піседі. Құрамы: 4 жұмыртқа 150 гр қант (жарты кесе) 1 стакан айран 200 гр ұн (бір кеседей) 15 гр өсімдік майы 1 ш. қ ас содасы(без горки) 3-4 тамшы алма сірке суы 1 ас қасық какао Жасалуы: Бисмиллях деп айтып, 4 жұмыртқаға қантты салып,миксермен ағарғанша миксерлейміз. Басқа ыдысқа айранды құямыз. 1 шәй қасық (без горки) ас содасына алма сірке суын тамызып, көпіртеміз де айранға қосып,көпіргенше араластырамыз( разрыхлительдің орнына үнемі солай жасаймын). 1 минуттай араластырсақ жетеді. Араластырып болған соң бірінші ыдысқа құямыз. Өсімдік майын, ұнды қосып араластырамыз. Осы күйінде духовкаға салсақ болады немесе 2ші түрі 3/1 бөлігіне 1 ас қасық какао қосып өрнек жасауға болады. 180 градуста 10-15 минутта піседі. Ас болсын😘

0/0


0/0

0/0

0/0