Бердібек Сапарбаевтың «Персик» атты иттің иесіне басу айтқаны желіде қызу талқыланды

Аватар автора
Желе: сладкие рецепты для настоящих ценителей вкусного
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Персик» атты иттің иесіне басу айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Иттің иесі ит атқыштар өлтірді деген Персиктің өлексесін сүйреп, тура облыс әкімдігінің алдына барған. Кінәлілер "жазаға тартылсын" деп әкімнің шығуын талап еткен. Сапарбаев мырза тура сол сәтте далаға шығып, тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған. Итті атқандарды әбден кінәлаған. Дегенмен, желі қолданушылары әдетте мәселесін айтып, әкімдікке келген тұрғындарға төбе көрсетпейтін Сапарбаетың иті өлген белсендіге бірден құлақ асуы қисынсыз дейді. Персик тараздық белсенді Жанна Мамашеваның сүйікті иті екен. Айтуынша, оның ешкімге зияны болмаған. Тіпті оқушыларды да мектепке дейін шығарып салып жүретін ақылды ит еді дейді. Бірақ кеше ветеринария басқармасының мамандары қаңғыбас ит деп у беріп, өлтіріпті. Көзіне жас алған белсенді Персигінің өлексесін алып облыс әкімдігіне барған. Ондағысы көзіне түскен иттің бәрін атып, өлтіруге кімнің бұйрық бергенін анықтау. Сол үшін Бердібек Сапарбаевтың сыртқа шығуын талап еткен. ЖАННА МАМАШЕВА, Тараз қаласының тұрғыны: – Иттің денесін алып, дереу облыстық акиматқа Сапарбаевтың алдына апардым. Өйткені, заң бойынша ҚР заңы бойынша иесі жоқ қаңғыбас иттерді біріншіден аулап, сосын иесіне хабар береді. Егерде иесі табылмаса, сонда басқа шешім қабылдайды. Ал әшейінде әкімдік алдына жиналған халықпен тілдеспей, тек қарамағындағыларды жіберумен шектелетін Бердібек Сапарбаев бұл жолы белсендімен тез жолықты. Өзімен бірге...

0/0


0/0

0/0

0/0