Мамандық таңдау-болашаққа нық қадам!

Аватар автора
VR Visionary
Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында "Мамандық таңдау-болашаққа нық қадам!" атты кездесу өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Кездесуге ҚР Журналистер одағының мүшесі, Білім үздігі "Ы.Алтынсарин" төс белгісінің иегері,"Балалық шақ" газетінің бас редакторы Есмаханова Гүлнар Жанкеқызы. Есет Досалы ақын, айтыскер, журналист,Облыстық «Ақ жол»газетінің тілшісі. Тараз сервис техникалық колледжінің «Аспазшы және тегнолог» маманыдығының дәріс берушісі Маратова Эльвира және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану» маманыдығының дәріс берушісі Бесжигитов Мақсат Баққалиұлы қатысты. Ұйымдастырушы Кәсіби бағдар беруші педагог Клангузова А.Е, Ұйымдастырушы педагог Мирзахметова А.К.

0/0


0/0

0/0

0/0