Кісен ашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы

Аватар автора
esenmediakz
Кісен ашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы Перовскийдің бұйрығы әне-міне деп орындалмай, Құрманғазы түрмеде жата береді. Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Біреулердің айтуынша Құрманғазы қашар тұста кісенді жұлып аламын дегенде өзінің майөкшесінің бірін жұлып алады да қаша береді. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кісен қиған жерлерін көйлек-дамбалынан жыртып алып орайды. Кеш бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйдің атын «Кісен ашқан» екенін айтады. Оқырманға түсінікті болуы...

0/0


0/0

0/0

0/0