🕌 🇰🇿 "ӘКЕМНІҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ" сөзі, әні Байыт Қабанұлы, шырқаған Ақтанберді Азатұлы 🇰🇿 🕌

Аватар автора
🇰🇿 Ұлы дала сазы 🎼 Музыка великой степи 🇰🇿
Айналайын асыл балам кел балам Басымдағы бар бақытым сен балам Мынау менің саған айтар ақылым Зейін қойып құлағыңды бөл балам Жас емессің жігіт болдың ержетіп Үйлі болдың бала көрдің тербетіп Мен алпыстан асып кеттім асыуын Кәрілік күнде келе жатыр менде тіл Менде сендей жігіт болдым жасында Туып өстім Алтай құмда жасында Шаршағанда шалдыққанда әрдайым Шешем болды сүйенерім қасымда Мейірімін көрмей ата ананың Жоқшылықпен әркімге бір қарадым 6 жаста ата-анадан айрылып Жетімдікпен жылап өстім қарағым Оп-оңаймен 60 жасқа келгем жоқ Көзімді ашып оқу білім көргем жоқ Кедей болдым жоқшылықты көп көрдім Бірақ балам жоқшылықтан өлгем жоқ Ата-ананың көре алмай тәлімін Нұлы болдым ағайынның бәрінің Хат қағаздан хабарсыздау өстім мен Бірақ сөзін көп тыңдадым кәрінің Тауқыметін көріп өстім тағдырыдың Недерімді білмей талай дағдірдым Арқа сүйер жоқ болған соң сүйеніш Әр біреудің есігінде қаңғырдым Шаршап өстім талай талай талықтым Деп айтпаймын бұл өмірден жалықтым Адам болдым бір Алланың күшімен Жаттап өстім өлең жырын халықтың Сүйтіп жүріп мен сендерді өсірдім Бастан талай қиындықты кешірдім Ата-ананың еркелемей қолында Жастық шақты жетімдікпен өшірдім Жетімдіктен жаман болып қалғам жоқ Еш өлімсіз өте тұғын жалған жоқ Адамзатты жеткізбейді дүние Бабалардың бәріненде қалған боп Жоқшылықтың намыстығы жоқ балам Шексіз байлық атылатын оқ балам Өтірік өсек жеткізбейді арманға Хан болсаңда шындық...

0/0


0/0

0/0

0/0