Қазақстанда металлургияның пайда болуы|Қазақстан тарихы|5 сынып

Аватар автора
Океанские исследования: тайны глубин
Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы Қола дәуірінің негізгі ерекшелігі мыс, қалайы, күміс, алтын сияқты түсті металдарды өндіру болды. Мыс пен қалайының қосындысынан қола алынады. Мысежелгі орталығы Жезқазған өңірі болды. Қаныш Сәтбаевтың зерттеу еңбектерінде Жезқазғаннан 1 млн т. мыс өндірілген деп жазылған. Нарым, Қалба, Атасу кен орындарында қалайы, Ақжал, Көкшетау, Балажалда алтын өндірілген. Атасу, Қанай, Суықбұлақ елді мекендерінің маңынан кен балқытатын орындар табылған. Кен балқытатын пеш жартылай жердің астына қазылып, қабырғалары жоғары температураға шыдамды балшықпен сыланып, сылақтың астынан пештің түбіне қарай өзекше өткен. Пештің қызуын күшейту үшін өзекшеден көрікпен ауа үрлеген. балқыту жолымен алынған қоладан тұрмысқа қажетті сапалы, төзімді еңбек құралдарын жасады. Қоланың өндіріске енуі шаруашылыққа үлкен әсерін тигізді. Өндірілген металл өнімдері Сарысу сауда жолымен Бетпақдала арқылы оңтүстікке жеткізіліп, ол жерден әлемнің әр түкпіріне тарады.қолдану арқылы «теселі егіншілікпен» айналысты. Зерттеушілер қоныстардың орынынан алтыннан, мыстан жасалған әшекей бұйымдарын тапқан. Бұл қола дәуірінде зергерлік өнердің болғанын дәлелдейді. Сондай-ақ қоныстардан геометриялық өрнектермен безендірілген қыш ыдыстар табылды. Қорыта айтқанда, қола дәуірінде кешенді шаруашылық қалыптасты. Шаруашылықтағы бұл жағдай артық өнімнің артуына, айырбастың кеңеюіне, байлықтың молаюына ықпал етті. (все права данного видео принадлежат билимленд.кз)

0/0


0/0

0/0

0/0