Той той базар! Халық әні

Аватар автора
Мистические каньоны
Той-той базар, той базар тойлай келдім-ай, Алтын сақа қолға алып ойнай келдім құрбым-ай. Танысым көп бұл тойда, бауырым көп-ай, Айтыссам деп өзіңмен ойлай келдім, құрбым-ай. Су ағады арықтан, Қыз қарайды жабықтан. Сүйер едім бетіңнен, Ұяламын халықтан. Ойға барсам – ой тегіс, Қырға барсам – қой семіз, Өтіп кетті-ау біздерден Қайран жастық он сегіз. Жүруші едің қолыңа домбыра алып, ай, Домбыраның тиегін жондыралық, құрбым-ай. Шыныменен көңілің болса менде-ай, Екі ауылды бір жерге қондыралық, құрбым-ай. Су ағады арықтан, Қыз қарайды жабықтан. Сүйер едім бетіңнен, Ұяламын халықтан. Ойға барсам – ой тегіс, Қырға барсам – қой семіз, Өтіп кетті-ау біздерден Қайран жастық он сегіз. Тауда өскен бүлдірген, Қыз бен жігіт бір жүрген. Ебін тауып ойнасаң, Қыз бетінен сүйдірген. Сөзі: Халық әні

0/0


0/0

0/0

0/0