ZIKR 1000 TIME/SUBHANALLAH /СУБХАНАЛЛАХ/СУБҺӘНАЛЛАҺ/Алла Тағала кемшіліктен пәк/Күнінен 1000 рет

Аватар автора
Tone Terrace
Алла Тағала жақсы көретін сөздердің бірі Алланы еске алу болып табылады, үнемі сол сөздерді айту арқылы мұсылман тыныштық пен берекетке бөленіп, Алла Тағаланың разылығына қол жеткізеді. Бұл сөздерде көптеген қайыр бар, адам Алла Тағаланы еске алып отыру үшін жаратылған. «СубханАлла» - Алла Пәк, - деп қуанғанда, бір нәрсеге тәнті болғанда, таңғалғанда әрі осының бәрін бізге сыйлаған Аллаға ризашылығымызды білдіргенде айтамыз. «СубханАлла» деп айтудың нендей қасиеттері бар? 1. Алла Тағаланың ең жақсы көретін сөздерінің бірі - СубханАлла уәл хамдулиЛләһ уа лә иляәһа илля ЛЛәһ уаЛЛаху акбар (Алла Пәк, барлық мақтау Аллаға, Алладан басқа құдай жоқ, Алла Ұлы). 2. Хадисте айтылғандай, егер адам «СубханАлла уәл хамдулиЛләһ уа лә иляәһа илля ЛЛәһ уаЛЛаху акбар», - деп айтса, ол осы сөздің әрбір әрпі үшін он сауап алады. (Табрани). 3. Басқа хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Қиямет күні бұл қасиетті сөздер сендерді жан-жақтан қорғайтын болады». 4. «СубханАлла...» Аршыға дейін жетеді және сол жерде осы сөзді айтқандардың есімдері шуылдап айтылатын болады» (Ибн Маджа). 5. Пайғамбарымыз (ﷺ): «СубханАлла уа бихамдихи субханАллахи Азым» (Алла Пәк, барлық мақтау Аллаға, Ол өте биік, аса зор) сөзі Қиямет күні амалдар таразысында ауыр тартатын болады», - деп айтқан» (Бұхари). 6. Әбу Хурайра (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқандығын келтірген: «Асылында, "Алла Пәк" (Субхана-лла), "Аллаға шүкір" (әл-хамду лилла), "Алладан басқа құдай жоқ" (ла &&және...

0/0


0/0

0/0

0/0