Біртұтас халық жасағынығ ұйымдастырылуы 2

Аватар автора
Звезды современной эпохи
Халық жасағы. Қазақ қоғамында кәсіби және тұрақты әскер болмады. Ел басына қауіп-қатер төнген кезде, дұшпанның шабуылына тойтарыс беру үшін халық жасағы құрылды. Халық жасағы ру-тайпалық негізде ұйымдастырылды. Хан мен сұлтандар төлең- гіттерден тұратын шағын қарулы сарбаз ұстады. Әрбір ер кісі жауынгер болуға міндетті еді. Бұл туралы Қазақстанда XIX ғасырдың басында бол- ған зерттеуші Я. Гавердовский былай деп жазды: «Қырғыздарда (қазақтарда) әскери өнер қасиетті саналып, онымен бүкіл халық айналысты. Қару ұстай алатындардың барлығы өзімен бірге қылыш, кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетіне жау тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс болды». Көшпелілер көп және қуатты әскер жасақ- тай алды. Жекелеген рулардың күш құрылымдары қысқа мерзімде бүкілхалықтық жасақ жиналатын жерге келіп жетіп, ірі әскер құрамына қосылды. Ірі әскери құраманы даңқты батырлар басқарған. Бүкілхалықтық әскери жасаққа хан қолбасшылық етті. Әр жауынгердің алыс жорықтарға арналған екі немесе одан да көп аты болды. Бірін атты шайқасқа дайындаса, екіншісін өзі мінген, қалғандарымен азық-түлігін және қару-жарағының бір бөлігін алып жүрген. Әрбір жасақтың ұраны арғы ата-бабасының руындағы қасиетті саналатын тұлғаның есімімен аталды. Жалпы қазақтың ұраны «алаш» – түркі тілдес халықтар мен қазақ халқының мифологиялық арғы атасының есімін білдірді. Ұрандар жауынгерлерге рух пен күш-жігер, жеңіске деген сенім берді. Әскери жасақ жоғары жауынгерлік рухымен ерекшеленді. Туысқан руластардан құралған жасақ...

0/0


0/0

0/0

0/0