ДНҚ Репликациясы | қазақша

Аватар автора
Обзоры и анализы новинок
ДНҚ – бұл қос спираль түзетін екі шиыршықталған тізбектен тұратын молекула. Әрбір тізбек нақты реттілікпен орналасатын 4 негізден тұрады, олар А, Ц, Г, Т әріптерімен белгіленеді. Осы екі тізбек бірін-бірі толықтырады. Бұл дегеніміз – бір тізбектегі Тиминге екінші тізбектегі Аденин комплементарлы. Ал Цитозинге қарама-қарсы Гуанин орналасады. Әрбір тізбектің 5 штрих соңы мен 3 штрих соңы болады. Бұл тізбектер қарама-қарсы бағытта қозғалады. Ол өз кезегінде әр тізбектің репликациялануын анықтайды. ДНҚ репликациясының бірінші кезеңі – екі тізбектің бір-бірінен ажырауы. Мұны геликаза деп аталатын фермент жүзеге асырады. Осылайша репликация айыры пайда болады. Тізбектің әрқайсысы жаңа ДНҚ-ның түзілуіне арналған үлгі қалыптастырады. (пауза) Праймаза ферменті процесті бастайды. (пауза) Праймаза праймер деп аталатын ДНҚ-ның өте кішкентай бөлігін түзеді. Бұл ДНҚ-ның жаңа тізбегінің пайда болатын бастамасы.(пауза) ДНҚ-полимераза ферменті праймерге байланысып, ДНҚ-ның жаңа тізбегін түзеді. Полимераза ДНҚ негіздерін тек бір бағытта – 5 штрих соңынан 3 штрих соңына қарай жалғай алады. Жаңа тізбектердің біреуі, ең бастысы, үздіксіз түзіліп отырады. ДНҚ полимераза элементтерді бірінен соң бірін 5 штрих соңынан 3 штрих соңына қарай жалғап қосып отырады. Екінші тізбек үздіксіз түзіле алмайды, себебі ол қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сол себепті ДНҚ полимераза оны тек кішкентай бөліктер арқылы – яғни Оказаки фрагменттері арқылы ғана түзе алады. (пауза) Әр фрагмент праймерден басталады.

0/0


0/0

0/0

0/0