Дәрілік өсімдіктер. Лечебные растения.

Аватар автора
Garden of Health
Ерте кезден қазақ халқы алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі шөптердің қасиеті арқылы әртүрлі аурудың емін тапқан. Бұл видеода сол өсімдіктер жайлы айтылады. Алтын тамыр Бұл — сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып жібереді. Арша Арша биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Халық емінде арша жемісі несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Сондай-ақ, аршамен тіс тазалау пайдалы. Дермене жусан Жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады. Итмұрын Итмұрын жемісінің құрамында  С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы. Жалбыз Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі...

0/0


0/0

0/0

0/0

Скачать популярное видео

Популярное видео

0/0