Чили қосылған ет - Қаршыға Дәуітбек - Аспаздық Лига

Аватар автора
Арканы тайных знаний
Алдарыңызда "Аспаздық лига" гастрономиялық шоуының жаңа шығарылымы! Қонағымызда Қаршыға Дәуітбек - қазақ ұлттық жекпе-жек әлем кубогының чемпионы, Алаш прайд халықаралық турнирларының жеңімпазы. Ол жүргізушіміз Гүлназ Жолановамен бірге чили қосылған ет және асшаян таяқшалары дайындалады. Оның рецепттері: Чили қосылған ет Қызыл үрмебұршақ – 350 г Пияз – 2 дана Сарымсақ – 2 бас Қызанақ шырыны – 250 мл Чили бұрышы – 1 дана Қара бұрыш, тұз Дайындау тәсілі: Алдымен ұсақтап пияз бен сарымсақты тураймыз. Табаға май құйып, пияз бен сарымсақты қуырып, тартылған етті қосып, тұз, бұрыш себеміз. Дайын болған соң, қызанақ шырынын қосып, қатты отта қайнатамыз. Жылдам дайындалатын және өте дәмді тағам дайын! Ас болсын! -------------------------------------------------- Асшаян таяқшалары Асшаян – 250 г Апельсин – 1 дана Зәйтүн майы – 20 мл Соя тұздығы – 50 мл Қара бұрыш, тұз Дайындау тәсілі: Алдымен апельсиннің шырынын сығып аламыз. Оған зәйтүн майы мен соя тұздығын араластырып, асшаяндарды 15 минутқа шылап қоямыз. Таяқшаларға асшаянды кіргізіп, 200 градуста 5-7 минут пісіру қажет. Тағамымыз дайын! Ас болсын! ------------------------------------------------------------ Әлеуметтік желілерімізге қосылыңыз!

0/0


0/0

0/0

0/0