А сильных женщин просто не бывает. МАРИЯ КУТКАР

Аватар автора
Непревзойденное сокровище
Өнер, өнер – қаншама бар осы ұғымда мағына, Өнер – байлық, қона бермес әр адамның бағына. Өнеріңмен шыға аласың арманыңның шыңына, Өнерменен бойларсың сен сұлулықтың сырына. Бірі-актёр, бірі – әртіс, бірі – ісмер өнерлі, Барлығы да өз ісінің хас шебері, білемін. Ал мендегі өнер деген көп қырлы боп келеді, Рұқсат болса, соның бәрін айтып кетсем деп едім. Орыс тілдің маманы боп ұстаздыққа бас идім. Бар шәкіртті біліміммен айналама мен жидым. Дарындылық дарып бойға, жан дүнием тулады, Тағдыр маған сурет салу шеберлігін сыйлады. Суретшімін, мына әлемді қабылдаймын өзгеше, Түрлі түске бөлеймін де, өрнек салам ерекше. Бояу біткен сыбдырласып, күбір-күбір сырласып, Салып жатар ойымдағы бейнелердің сұлбасын. Қылқаламды қолға алып, қиялыма самғадым, Түстердің де тек қанығын, тек ашығын таңдадым. Пикассо мен Айвазовский болмасам да ұқсап мен, Мына тұрған туындыны тек Сіздерге арнадым Өнерімнің бұл бір қыры, жалғастыра берейін, Енді аяңдап мен келесі өнеріме келейін. Сөз патшасы, сөз сарасы – ғашық болдым өлеңге, Шабыттанып бетті бұрдым мен ақындық өнерге. Муза! Муза! Біз екеуміз егіз болдық бүгінде, Келдің маған Муза ханым түсімде де, өңімде. Қиыннан да қиыстырып, ұйқас таптым салмақты, Терең ой мен мағына бар маржандайын сөзімде. Өлең жаздым, ақын жанды жүрегіммен шынайы, Сол өлеңнін бірін бүгін мен Сіздерге арнаймын. Бұл туындым «Ақ пен қара» деп аталар ағайын, Ақындықтың әлеміне саяхатты бастайын. Ақ пен Қара Бұл дүние Ақ пен Қара патшалығы тәрізді...

0/0


0/0

0/0

0/0