12 сәуір – Ғарышкерлер күні

Аватар автора
Скандальные скандалы шоубизу-блюдцевых
Биыл адам баласының ғарышқа саяхат жасағанына 60 жыл, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышты бағындырғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Адам. Жер. Ғарыш» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр айлағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Кітап көрмесін ғарыштың негізін салушы орыстың ұлы ғалымдары К.Э.Циолковский және С. П. Королевтың ракеталық техника мен аспан әлеміне саяхаттар теориясына арналған ғылыми еңбектері, космос кеңістігін зерттеу және оны игеру жолдарына арналған әдебиеттер ашады. Сонымен бірге, космос әлеміне алғаш рет жол салған №1 космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы В.Артемовтың "Юрий Гагарин - человек-легенда", В. Губаревтың "Тайны Гагарина", В. Хайрюзованың "Юрий Гагарин. Колумб Вселенной" және А. Т. Гагаринаның ұлы туралы «Память сердца» естеліктері сынды көптеген қызықты материалдар қойылды. В. А. Гагариннің «Мой брат Юрий» деректі әңгімесінде Юрий Алексеевичтің үлкен ағасы ғарыштың болашақ пионерінің мінезі қалай қалыптасқаны туралы айтады. Көрменің келесі бөлімінде ғарыш дәуірінің алғашқы ашушылары, ғарышқа алғаш келген әйел – Валентин Терешкова, оның батыл ізбасарлары - Светлана...

0/0


0/0

0/0

0/0

0/0