"Арман". Мұхтар Шаханов. Көркем сөз Бауыржан. Қазақ тілі. Kazakh korkem soz. Qazaqstan

Аватар автора
Звездный путь: мир знаменитостиа
Ерте, ерте, ертеде Отырарда, Біздің іңкәр өлкеде, Иық бұрмай тек білімнен басқаға Қатар өсті екі бірдей жас бала. Қатар жүріп сан өнерге машықты, Бірге оқыды, бірге ойнады асықты. Екеуіне назар бұрды ел ерек, Өйткені олар дарынды еді керемет. "Таңдайымыз өрісті оймен татымақ", Деп қуана езу тартты атырап, Ал дарындар медресені тауысты Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ. Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей, Өсе берді төске шауып, төрге өрлей, Екеуіне қараған жұрт сүйсінді, Отырардың болашағын көргендей Отырарда жаны жайқын дария, Ойы безбен бар еді бір қария. Сол қария бір күні екі шәкіртті, Қүрметпенен өз үйіне шақыртты; - Балақайлар, балапандар, көк өрім, Сендерге бір сауал қойсам деп едім, Туған жан деп өнерімен, өртімен Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел. Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер? Қандай арман жетегінде жүрсіңдер, Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде, Сонша неге құштарсыңдар білімге? Қане, Дойыл, сен айтшы? Дойыл айтты: - Жалғыз арман бар менде, Шектесетін қулықпен де, ар мен де. Жалын иі ашса өнерімнің өрнегі Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері Түгел танып жыр ететін тандана, Саудагер боп шықсам деймін, жан баба. Тірлігімде жабырқамай, жасымай, Ата жолын қусам деймін осылай. Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке Өмірімді құрсам деймін есепке. Ұтыласың, жебемесе желекті ой, Бұл өнердің табиғаты ерек қой. Қаншама елмен сауда-саттық жасауға Соншама елдің тілін білу керек қой Табу үшін жұрт таппаған айланы, Көру үшін жұрт көрмеғен...

0/0


0/0

0/0

0/0