"Мұңлық пен Зарлық" дастаны. Қазақтың халық эпосы #РысХАНЫМ

Аватар автора
Весёлые эксперименты в математике
Ағалы-қарындасты егіздер тағдыры – өмірде болған шын оқиға. "Ноғай" мен "қазақ" деп бөліне қоймаған кезінде он сан ноғай ішінде Шаншар хан ел билеген. Оның алпыс әйелі болса да, балаға зар болыпты. Жасы алпысты алқымдап қалған хан, құдайдан бала тілеп жүреді. Бір күні Ханшайым ханға тұрмысқа шықса, ұл мен қыз тауып беретіндігі турасында түс көреді. Киікті қуып, қыз ауылына келген ханға сұлу қыз бұл түсін жеткізеді. Хан елдегі Жаудыр деген балықшы шалдың жалғыз Ханшайым есімді қызына үйленеді. Ханшайым егіз бала бір ұл, бір қыз табады. Бірақ, қалған әйелдері ханды алдап, Ханшайымды дарияның адам барса, шыға алмас аралына, екі баласын Шөгірлі тауына апарып тастайды. Мұңлық пен Зарлық қиыншылықтың бар тауқыметін бастарынан өткеріп, бірі бой жетіп, бірі ер жетеді. Қалмақтың ханы Күлместің елін іздеп тауып, оның қызына үйлену үшін адам баласы төзе алмайтын сынақтарынан өтіп, қызды көп жасауымен алып қайтады. Ақыр соңында анасы мен әкесіне қосылып, қырық күн тойын, отыз күн ойынын жасаған.

0/0


0/0

0/0

0/0