«Елім-ай» әнінің шығу тарихы

Аватар автора
Испытание Звезд
«Елім-ай» әнінің шығу тарихы Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. "Қаратаудың басынан көш келеді" өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған - М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор- танушы М.Оразаев тапсырған нұсқаны Ы.Дүйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уакатов, Г.Турсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұсқасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш ақынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жоқ. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен қатар, әдемі де әуезді әуенге құрылған. 1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады. 1710 жылдың жазының аяғында өз еркімен ордабасылық қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде өзін тәрбиелеп өсірген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей­Уақ елдеріне шора сайлатады. Сөйтіп, Толыбай сыншы ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710­1723 жылдар аралығында өз жұрты Керей­Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр...

0/0


0/0

0/0

0/0