Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы

Аватар автора
Весёлый Физик-Шоу
#поэма Поэмада ақын кейіпкерін үлкен таңдаудың алдына әкеліп тірейді. Ақын бүтін бір ұлт қастер тұтқан наным-сенім арқылы табиғатты аялау идеясын тағылым етеді. Композициялық жағынан үш тарауға бөлінген. Оқиға үшінші жақтан баяндалады. Поэманың алғашқы тарауында ақын Алатаудың басына таста тұнған жаңбырдың тамшысындай болып кеткен көлді сипаттайды. Ақын уақытты кері жылжытып, лирикалық шегініс жасау арқылы Жетімкөл атанған бұл көлдің тарихына шолу жасайды. Шығарманың екінші тарауында хал үстіндегі баласын күзеткен ата-ананың жағдайы баяндалады. Әсіресе қолына мылтық алып киеліге оқ атқан ана образы нанымды шыққан. "Тыйымнан аттаған адам оңбайды" деген философия поэманың үшінші бөлігіне арқау болған. Поэма тек баяндауға ғана құралмаған, ананың зар илеген монологі арқылы аңыз сюжеті нанымды шыққан. @kaz.pedagog4964

0/0


0/0

0/0

0/0

Скачать популярное видео

Популярное видео

0/0