Шыңғысхан кім? 1 бөлім

Аватар автора
Скандальные новости
Шыңғысханның шығу тегі жайлы ғасырдан ғасырға жалғасқан талас тартысқа, әлі күнге дейін нүкте қойылмағандығы баршаңызға белгілі. Осы бір түйіні шешілмеген мәселеге менде тоқталып өтуді жөн көрдім. Әлем билеушісі атанған қатыгез қолбасшыны көптеген ғалымдар қазіргі Моңғолияның Байкалға жақын шығыс бөлігіндегі Селенгі мен Онон өзенінің аралығындағы Делюн-Болдок дейтін атауға ие аймақта дүниеге келген деп болжам жасайды. Мектеп кітаптарында да көптеген түркі тайпаларының соның ішінде қыпшақ, қимақ, қарлұқ, оғыз тайпаларының да Алтай тауларынан қазіргі Қазақстан аймағына көшіп келіп жергілікті иран тілдес халықтарды өздеріне бағынышты етіп түркілендіріп жібергендігі туралы айтылады. Қарап отсақ Қазақ жерін мекендеген тайпалардың түркілермен байланысы болмағандығын байқауға болады. Дегенмен де Ғұндардың қазақ жері арқылы батысқа көшу кезеңінде біздің даламызды мекен еткен халықтардың антропологиясына еш әсер етпегендей етіп жазылғандығы әрине адамның ашуын туғызады. Тарихта қателік өте көп әсіресе өз тарихын атадан балаға ауызша жеткізген көшпелі халықтардың өткені мен бүгінін байланыстыру қиынның қиыны. Тақырыптан ауытқымай Шыңғысханға оралсақ, моңғол шапқыншылығана дейін Қазақ даласында Қарақытайлар, Қыпшақтар және Хорезмшах мемлекеттері өмір сүрді. Ал қазіргі орта жүз құрамына енетін найман қоңырат керей рулары Моңғолия жерінде мекен етті. Темучин осы руларды өзіне бағындырғаннан кейін Шыңғысхан атанып, іргелі мемлекеттің басшысына айналып, әлемнің жартысын жаулай алды.

0/0


0/0

0/0

0/0