XVIII ғасырдың басыа дейінгі қазақ орыс қарым қатынастарының тарихы

Аватар автора
Астрофизика и космология
XVIII ғасырдың басыа дейінгі қазақ орыс қарым қатынастарының тарихы 1961 – 64 жылдары орыс тілінде жарық көрген. 1-томға (1961), 16 ғасырдың аяқ кезінен 1738 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, әр түрлі архивтерден алынған 276 құжат енгізілген. Алғашқы құжаттар 16 ғасырдың аяқ кезіндегі қазақ ханы Тәуекел мен Московия билеушілері арасындағы келісімдер, І Петр патша тұсындағы “Қазақ-орыс қатынастары” жөнінде сөз болған. Оның ішінде Қайып хан мен Петр әкімшілігі арасында жазысқан хат алмасулар кіргізілген. Көптеген құжаттарда 1731 жылға дейінгі “Қазақ-орыс қатынастары”, атап айтқанда: қазақ-жоңғар соғыстары, “Ақтабан шұбырынды” кезеңі, қазақтардың Орта Азия елдеріне көшкен кездегі аса қиын жағдайы және кейбір саяси қайраткерлер жөнінде деректер берілген. А.И. Тевкелевтің жүргізген күнделік- журналынан үзінділер: орыс бодандығына Әбілқайыр ханның, Жәнібек, Бөкенбай, Есет, т.б. батырлардың көзқарастары, орта жүз қазақтарының, соның ішінде Әбілмәмбет хан мен Абылай  сұлтанның Ресей бодандығына өту себептері, қазақ халқының саяси, әскери, шаруашылық жағдайлары айтылады. Кейбір құжаттарда сол кезеңдердегі қазақ билеушілерінің көршілес мемлекеттермен байланысы, сауда қатынастары, қалалар мен елді мекендер көрсетілген. 18 ғасырда қайраткерлердің саяси қызметі жан-жақты ашылады. Әбілқайыр, Әбілмәмбет,  Абылай, Нұралы хандар, Барақ, Батыр,  Ерәлі, Әбілпейіз сұлтан, Жәнібек, Есет, Қабанбай, Бөгембай, т.б. батырлар,  Қазыбек, Төле, т.б. билер, Ресей елінен І Петр, Анна Иоановна...

0/0


0/0

0/0

0/0