Шынболат Ділдебаев - Шындық туралы толғау | ТОЛҒАУ

Аватар автора
esenmediakz
Шынболат Ділдебаев - Шындық туралы толғау Сөйле, тілім Алаңдама, тартынба Найзағайдай шындықты айтып жарқылда! Қалай ғана өмір сүрдім дей алам, Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?! Заман қалай, адам қалай өзгерді, Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді. Арың менен ақиқаттың алдында Шындықты айтып, Шыңғыратын кез келді. Айтса нанар аңғал халық едік қой, Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой. Халқымыздың қамын жеген ұлдарын О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой! Күні болған қазағымның сорлаған, Қасіреттің қара бұлты торлаған. Ешқашанда тарихымда даламның, Кешегідей бұрыс кету болмаған! Сеніп өскен халық едік малына, Малын алса, Қайтсін халық налымай?! Америка, Түркия, Қытайға, Жетіскеннен шашылды ма тарыдай? Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз, Ағайыннан алыс кетті арамыз. Үш миллион Аштан өлген бабамыз, Қалғанымыз қайда кетіп барамыз? Шұбарала болып кетті тілдерің, Айтатұғын келді бүгін күндерің. Тілің кетсе, Күнің қоса кетерін Қайран елім, Қалай ғана білмедің? Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, Байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!! Ауруың бірте - бірте асқынған, Қара ниет асып кетті қасқырдан. Қай бабаңның дәстүрінде бар еді, Ата - анасын бөтен қолға тапсырған. Өкініштен өксігімді баса алмай, Айту қиын ойлы көзге жас алмай. Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед, Қазір қалдық бір келіннен аса алмай. Азаматтар қол бастайтын қаһарман, Алкогольдың арбауына шатылған, Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары, Оқ тимей - ақ шығып...

0/0


0/0

0/0

0/0

Скачать популярное видео

Популярное видео

0/0