Баж салығы қалыпты жұмыс істеуде

Аватар автора
Baffling Tech
Кедендік Одақ аумағында баж салығын үлестіру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Минскіде Беларусь, Ресей және Қазақстанның қаржылық бақылау органдары өкілдерінің кездесуінде мәлім болды. Кедендік Одақ үштігінің бақылаушылары Біртұтас экономикалық кеңістіктегі кедендік баж салығын есептеу мен үлестіру тетіктерін тексерген. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл салада аз-кем қателіктер бар. Дегенмен, жалпы нәтиже көңіл көншітерлік. Сарапшылар Ресей мен Беларусь мемлекетінің Кедендік Одақ аясындағы бюджеттік қаражатының қаншалықты тиімді игеріліп жатқанын ауқымды түрде тексеру туралы өзара уағдаласты. Ең бастысы бақылаушыларды қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалғаны емес, тиімділігі қызықтырып отыр.

0/0


0/0

0/0

0/0