Ахмет Байтұрсынұлы (1872 - 1937) - "Арман". Орындаушы Мақсат Тілепберген

Аватар автора
Вдохновение и искусство
ҚАЙТА ОРАЛҒАН КҮЙ 1960 жылдың жазында Алматыдан оқу бітіріп, жолдамамен Торғай селосына келіп жұмысқа орналастым. Осы жерде халық ақыны, өзі әнші, өзі күйші естігені-көргені көп, ертеде мәдени ошақтың ұйытқысы болған Нұрхан Ахметбеков деген ақсақал тұрады дегенді естіп, үлкенге сәлем берейін, танысайын, әңгімесін тыңдайын деген ниетпен ақсақалдың үйіне бардым. Ақын үйінде екен, амандық-саулықтан соң: - Е, бір домбырашы жігіт жұмысқа келіп орналасыпты деп естіп едім, сол сен екенсің ғой, сәлем бере келгеніңе көп рахмет, төрге шық, - деп ризашылық рай танытты. Осы кезде «Ассалаумағалейкум» деп ақынның баласы Мәлікзада кіріп келді. Ол осындағы оқу бөліміне келген екен (мектеп директоры болып қызмет істейтін), жұмысы бітпей ертеңге қалыпты. Мәкең екеуміз бұрыннан таныспыз. Ән салып, күй шертіп, талай рет таң атқанша отырғанымыз бар-ды. Шәй ішілгеннен кейін ақын жақсы-жақсы әңгімелердің басын қозғап, маған бірнеше күй тартқызды, әсіресе Динаның «Бұлбұл», Құрманғазының «Байжұма», «Төремұрат» күйлерін қайта-қайта тартқызып тыңдады. Арасында Мәкең құлпырта орындайтын халық әні «Қызыл гүл-гүлді» сан рет айтқызды. Әнге маужыраған ақын бір кезде басын көтеріп, «Күміс көмей әншілер мен бал бармақты күйшілер ғой осындай ғажайып әндер мен күйлерді шығарған, солардан қалған мұраны есте сақтап, халық арасына таратып, кейінгі ұрпаққа үйрету – бұл баға жетпес еңбек болар еді, - дей келіп: - айтпақшы, еске түсіп кетті, менде жасырып жатқан, жарыққа шығаруға қорқып жүрген, аты мен затын...

0/0


0/0

0/0

0/0