Киелі мекен-Қармақшы.Жосалы қаласы. Қызылорда облысы. Қорқыт баба жатқан жер. Байқоңыр

Аватар автора
Integral Calculus Intrigue
Қармақшы ауданы — Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы — 31,0 мың км². Аудан орталығы — Жосалы кенті. «Қармақшы» атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850 жылы) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т. Ізтілеуовке, 2-дүниежүзлік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. 1932 жылдан «Қармақшы таңы» газеті шығады. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан. Әлеуметтік инфрақұрылым саласында мәдениет және спорт бойынша 1 мұражай, 18 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион (Қармақшы Орталық Стадионы және Байқоңырдағы стадион "Десятилетие"), 17 спортзалы, денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен 6 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшер-акушерлік пункт, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар. Ауданда 15 балабақша, жалпы білім беретін 29 мектеп (Ресей...

0/0


0/0

0/0

0/0