Сабақтағы әдіс-тәсілдер. 1-сынып оқушыларына арналған ойын.

Аватар автора
Thought Labyrinths
Бастауыш сынып оқушыларының алдыңғы партада отыруға ұмтылатыны белгілі. Алайда, барлық оқушыда бірдей ондай мүмкіндік жоқ. Бұл мәселенің шешімін видеодағыдай табуға болады: Алдымен, оқушы кездейсоқ суретті таңдайды. Кейін парта беттерінен сол суреттің екінші данасын іздеуге кіріседі. Тапқан соң сол орынға отырады. Бұл тәсіл барлығына бірдей алдыңғы партада отыруға мүмкіндік береді әрі тамаша көңіл-күй сыйлайды. Балаларға қызықты ойын деуге де болады. Ойынды ертегі кейіпкерлерінің суреттерінен бастаған жөн. Кейін қалауыңызша өзгертесіз. #сабақтағыәдістәсілдер

0/0


0/0

0/0

0/0