8 сынып ХИМИЯ §7 Зат массасының сақталу заңы

Аватар автора
Научные истории
§7. Зат массасының сақталу заңы 1. Зат массасының сақталу заңының теориялық және практикалық мәні қандай? 2. Атом-молекулалық ілім тұрғысынан зат массасының сақталу заңын түсіндіріңдер. 3. Мына мысалдар зат массасының сақталу заңына қайшы емес пе? а). Ағашты жаққанда қалған күл массасы жанған ағаштың массасынан әлдеқайда ауыр; ә). тат басқан шелектің массасы сондай жаңа шелектен біраз жеңіл. 4. Химиялық реакциялар кезінде атом сандары өзгере ме? 5. Химиялық реакция барысында бір элемент екінші бір элементке айнала ма? 6. Магнийдің жану реакциясының теңдеуі: Mg + O2 = MgO Заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын жазайық: 24 + 32 = 40 Реагенттер өнім Зат массасының сақталу заңы орындалмай тұр. Неліктен? Мұның құпиясы неде? • 1. Массасы 60 г темір ұнтақтарын 32 г күкіртпен қосып қыздырды. Түзілген қара қоңыр кристалдардан темірді бөліп алуға бола ма? Алынған реакция өнімінің массасы неге тең? #химия

0/0


0/0

0/0

0/0