9 сынып ХИМИЯ §12 Аниондарға сапалық реакциялар

Аватар автора
Идеи для ремонта: Привнесите свежий ветер в свой дом
§12 Аниондарға сапалық реакциялар 1. Аниондарды анықтау үшін қандай топтық реагенттер қолданылады? 2. Натрий хлориді мен натрий фосфатын қандай реактивтердің көмегімен ажыратуға болады? 3. Мыс (ІІ) сульфатын талдау жолын ұсыныңдар. Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 4. Келесі ақпараттар бойынша белгісіз заттарды анықтаңдар: Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 5. Нөмірленген төрт сынауықта барий хлориді; калий гидроксиді; азот қышқылы; натрий сульфатының ерітінділері берілген. Басқа ешқандай реактивтер қолданбай берілген ерітінділерді талдау сызбасын ұсыныңдар. Қажетті реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 6*. Оқушылар мынадай тәжірибе жүргізді. Олар нөмірленген 4 сынауықтағы белгісіз заттарға натрий гидроксидін қосты. Нәтижесінде: 1-сынауықта көк түсті тұнба түзілді; 2-сынауықта натрий гидроксидінің артық мөлшерінде еритін жүзгін тәрізді ақ тұнба пайда болды; үшіншісінде қоңыр тұнба; ал 4-сынауықта ешқандай өзгеріс байқалмады. 1-, 2-, 3-, 4-нөмірлі сынауықтарда қандай металдардың тұздары болғанын анықтаңдар. • 1. Құрамында 16 г мыс (ІІ) сульфаты бар тұз ерітіндісіне натрий гидроксидінің 12 г ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар. Жауабы : 9,8 г. • 2. Құрамында 0,5 моль натрий және 0,5 моль калий карбонаттары бар ерітіндіге азот қышқылымен әсер еткенде түзілетін газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер. Жауабы : 22,4 л. аналитикалықхимия #реакция

0/0


0/0

0/0

0/0