Қой сою. Нағашыларымның құрбан шалуы. Как резать барана Делать Курбан

Аватар автора
Растения для увеселения
Қазақ халқының басты тағамы ет болғандықтан, мал сою рәсімі өз алдына дәстүрге айналған. Қазақ халқы ең сыйлы адамдары үйге қонаққа келгенде қойдың басын ұсынады. Қойды соймас бұрын қонаққа бата бергізеді. Сосын өткір пышағын қолына алып, өз ісіне кіріседі. Ертеректе әрбір қазақ жігіті мал сою және оны жіліктеу дәстүрін жақсы білетін. Қойды бауыздау. Малды бауыздау үшін қан–жын төгіліп, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә» деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді. Бауыздалып жаны әбден шыққанан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – төселген шыптаның үстінде жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен іліп сою (кей жерде асып сою деп аталады). Бас пен 4 сирақты үйту. Тері сыпырылмас бұрын бөлек алынған бас пен сирақ үйтуге жіберіледі. Терісі сыпырылған қойдың денесі мүшеленеді. #қойсоюәдісі#курбанбайрам#курбан

0/0


0/0

0/0

0/0