Гүлжайна Мақсұтова "Мен өзіңмен..." Авт. Ержан Жұмабек Поэзия Махаббат туралы Сезім (Ержан Жумабек)

Аватар автора
Литературные приемы: путь к удаче
МЕН ӨЗІҢМЕН... Бұлақ көзін ашқызғысы келеді, Асау толқын тас бұзғысы келеді. Ақтарылып ақ жаңбырмен селдеткен, Аспан мауқын басқызғысы келеді. Ерке Ертіс сəл тасқысы келеді. (Бəле етекке жармасқысы келеді.) Ақын жаны табиғаттың сиқырлы, Сыр-пернесін дəл басқысы келеді. Біреу тəтті қиялына ереді, Біреу əн-күй тыңдағысы келеді. Бауырына келіп кеткен əр жанға, Барқытбел қол бұлғағысы келеді... Жұлдыздарын түн жаққысы келеді, Ғашық жүрек үн қатқысы келеді. Өз əуенін таңырқатып бұлбұлға, Қара торғай тыңдатқысы келеді... Бақ Беймəлім кімге көңіл бөледі, Көбелекке гүлге қону - керегі. Байрақ биік желбіреуді көздейді, Мен өзіңмен бірге болғым келеді. Бəрін тастап кетейікші бір жаққа!.. ЕРЖАН ЖҰМАБЕК

0/0


0/0

0/0

0/0