Иасин сүресі, Әр таң сайын тыңдаңыз Сура Ясин, Слушать каждый утро

Аватар автора
Грибные угощения
Хадис шәрифтерде былай делінген: «Әр түні Ясин сүресін оқуды әдет қылып, сол жағдайында қайтыс болған адам шәһид болады». «Құран кәрімде бір сүре бар, оқыған адамға шапағат етеді, ал тыңдағанның кешірілуіне себеп болады. Ахиретте қорыққанынан сақ болады. Бұл сүре – Ясин». «Өлім халінде жатқан аурудың қасында Ясин шәриф оқылатын болса, әрбір әрпі үшін бір періште келіп, рухының оңай шығуына дұға етеді. Жуындырғанда жанында болады. Табытымен бірге барады. Намазына, жерлеуіне де қатысады және әрдайым дұға етеді». «Шайтандар Ясин сүресінен, Хашр сүресінің соңғы бөлімінен және Фәлақ, Нас сүрелерінен қашады». «Мазарға кірген адам Ясин сүресін оқыса, сол күні мәйіттердің азаптары жеңілдейді. Ал оқыған адамға мәйіттердің санымен бірдей сауап беріледі». «Жанында Ясин сүресі оқылған науқас суға қанған күйде өледі және тойған күйде қабірге кіреді». «Мұсылман болған науқастың жанында Ясин оқылатын болса, Ридуан есімді періште науқасқа жәннат шәрбетін әкеледі. Суға қанған күйде жанын тапсырады. Тойған күйде қабірге кіреді. Суға мұқтаждығы болмайды». «Ясин оқыңдар. Бұл сүреде он берекет бар. Аш адам оқыса – тояды. Киімі жоқ адам оқыса – киім табады. Бойдақ оқыса – үйленеді. Қорқуда болған адам оқыса – сақ болады. Мұңды адам оқыса – көңіл-күйі көтеріледі. Жолаушы оқыса – сапарда жәрдем табады. Жоғалған нәрсе табылады. Науқас адам оқыса – шипа табады. Өлгеннің жанында оқылса – азабы жеңілдейді. Шөлдеген адам оқыса – суға қол жеткізеді». «Кімде-кім ата-анасының немесе екеуінен...

0/0


0/0

0/0

0/0