Ерлан Құлжаев & Рамазан Мұқанбетқазы. Досым - ай

Аватар автора
Motivating Adventures
Достығымызды ән етерміз, Салынбай ешбір уайымға. Ән шырқайықшы кел екеуміз, Шынайы достық жайында. Тілегімдесің жүрегімде, Сен үшін досым жан құрбан. Жау қалмаушы еді бұл өмірде, Өзіңдей болса әрбір жан. Қ/сы: Досым-ай, досым-ай, Аман болсын басың-ай. Бес күн жалған өмірде, Сыйласайық осылай.. Бауырым, бауырым, Ішіндегі тәуірім. Айналайық екеуміз, Үлгісіне бәрінің. 2) Достықты сенен анық көргем, Көзіңнен оны оқыдым. Бұл тағдыр бізге салып берген, Достықтың алтын көпірін. Адал достықтың жолында тұр, Көңілімізге ем дауа. Құлататындар толып жатыр, Көтерер досым сен ғана. Сөзі: Райымбек Өтепов #РамазанМұқанбетқазы

0/0


0/0

0/0

0/0