Алғашқы адамдардың өмірі.Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Аватар автора
Биология: Экология и окружающайа среда
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. Ол бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады. Синантроп бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты “тік жүретін адам” деп атайды. Еліміздің аумағында алғашқы адамдар бұдан 1млн-дай жыл бұрын пайда болған. Мұны Арыстанды өзенінің бойынан (Жамбыл облысы) және Қаратаудан (Оңтүстік Қазақстан) табылған еңбек құралдары дәлелдейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар – питекантроптың замандастары. Шамамен 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам алғаш рет Неандерталь (Германия) жерінен табылған. Сондықтан ғалымдар оған неандертальдық деген атау берген. Ол тастан, сүйектен, ағаштан құралдар жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген. Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды. Алғашқы еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар болды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалып, өте қарапайым болған. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын жасау үшін...

0/0


0/0

0/0

0/0