Таскескендегі Аламан айтыс

Аватар автора
АвтоАдреналин
Айтыс додасының дүлділдері Тұғырлы Таскескеніміздің төрінде өнер көрсетті! Республикалық Аламан ақындар айтысы “Ауыл - Ел бесігі” деген атпен өтті. Айтысқа ел сағынған елеулі құрам айтыскерлер қатысты. Олардың қатарында: Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан және т.б. от тілді, орақауызды ақындар болды. Айтысты Мәжіліс депутаты, айтулы ақын Аманжол Әлтаев жүргізді. “Ауыл - ел бесігі” республикалық аламан ақындар айтысына да Chevrolet Cobalt автокөлігін тігілді. Әр қатысқан ақынға екі жылқыдан берілді. Қосымша ақын Балғынбек Имашевке темір тұлпар табысталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде: “Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. “Ауыл – Ел бесігі” деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», - деген болатын. Осы Жарлықтан кейін ауылдарымызды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.  Таскескен төрінде өткен аламан айтыстың негізгі мақсаты - осы бастаманы қолдау, сол игі бағдарлама барысында жасалып жатқан шаруалар туралы айту, ауылдағы өзекті мәселелерді қозғау. Еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады екен....

0/0


0/0

0/0

0/0